Бүгін - Алаш қозғалысының қайраткері Мұстафа Шоқайдың туған күні

20478
Adyrna.kz Telegram

Бүгін - Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист Мұстафа Шоқайдың туған күні.

Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған біртуар азамат. Алаш партиясында болды, Түркістан автономиясының басында тұрды. 21 жыл Еуропада эмиграцияда жүріп, қазақтың бостандығы үшін күрескен тұлға.

Мұстафа Шоқай тіл мен ділді, ұлт пен дәстүрді социализм жүйесі жоққа шығаратынын күні бұрын білді. Ұраншыл коммунизмнің «ұр да, жық» ұстанымын мойындамады.    Түркияда жүргенде Кеңес үкіметі бірнеше қызмет ұсынып, елге шақырған. Бірақ, ешқайсысына келісім бермеді. Керісінше өзі Берлин мен Париждің арасында жүріп, «Яш Түркістан» журналын шығарды. Басылым саяси-әлеуметтік тақырыптарға арналды. Петербург университетінде оқып жүріп саясатқа араласқан Алаш ардақтысының әрбір сәті тынымсыз еңбекпен өтті. 24 жасында Мұсылман фракциясының хатшысы атанды. 

«Мұстафа  өзіне Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Ахмет Байтұрсын сынды қазақ зиялыларын ұстаз тұтты. Қайда жүрсе де, елінің мүддесін ұмытқан жоқ. Біз оны сонысымен-ақ қадірлеуге тиіспіз», дейді жазушы, тарихшы Бейбіт Қойшыбаев.

Пікірлер