Ресей жеңіліске ұшырайды, бірақ Путинмен сөйлесуге тура келеді - Байден

3481
Adyrna.kz Telegram

"Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтатамын деп шешім қабылдаған кезде ғана соғыс тоқтайды. Бірақ ол енді бұл соғыста жеңе алмайды". Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Вашингтонда Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Байден шетелдік көшбасшыны "жау" деп санағанмен, онымен диалог орнату халықаралық саясаттың негізі болып қала беретінін атап өтті.

"Бұл соғыс Путин Украинадан өз әскерімді шығарамын деп айтқан күні аяқталуы мүмкін", - деді АҚШ президенті.

Оның айтуынша, Украинадағы ресейліктер үлкен шығынға ұшырап жатыр. Путин Батыс елдерінің Одағы НАТО-ны күйрете алатынына сенді. Бірақ РФ президенті онбай қателесті және өз қателігін жалғастыруда, ол бұл соғыста жеңіске жете алмайды.

"Путин жеңіледі, ол қазірдің өзінде жеңіліп қалды, өйткені ол бүкіл Украинаны басып алудың жолы жоқ екенін біледі", - деп атап өтті Байден.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер