"Ат тұяғын тай басты" ма? Хаменеидің ұлы Иранның Жоғарғы көшбасшысы болып сайланды – БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/F9JwaV1tNPbSNOu0fjHtsPY3TCaYpJjzAubEqn5A.webp

Бірқатар шетелдік БАҚ-та қаза тапқан Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба әкесінің орнына Иранның Жоғарғы көшбасшысы болып сайланды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Хаменеидің мұрагері сайланғаны туралы ақпаратты Iran International басылымы жариялаған. Сондай-ақ Моджтаба Хаменеидің Иранның Жоғарғы көшбасшысы болып тағайындалғаны жөнінде The New York Times те хабарлады. Басылымның жазуынша, Жоғарғы көшбасшыны таңдауға жауапты жоғары діни тұлғалар сейсенбі күні жиналып, мәселені талқылаған.

56 жастағы Моджтаба Хаменеидің Иран көшбасшысы болып сайланғаны туралы ақпаратты Deutsche Welle (DW) де жазды. Басылым мәліметінше, шешімді 88 жоғары шиит дінбасынан тұратын кеңес Ислам революциясы сақшылар корпусының қысымымен қабылдаған.

Еске салайық, 1 наурыз күні ирандық мемлекеттік БАҚ елдің Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқанын ресми түрде растады. Елде 40 күндік аза тұту жарияланған.

Пікірлер