"Астанада - көтеріліс!". Тимур Құлыбаевтың серіктесі құрықталды

5957
Adyrna.kz Telegram

Астанада Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың сенімді серіктесі (orda.kz порталының зерттеуі бойынша) әрі жас кәсіпкер Марат Әбиевтің ықпалымен бастау алған жиынның соңы митингке ұласты. Ақырында, Марат Әбиевті полиция ұстап әкетті.  Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.

Тимур Құлыбаевтың сенімді серіктесі Марат Әбиевтің "Genesis" атауымен басталған үлкен жиыны шеруге ұласты. Құқық қорғаушылар бұдан бұрын да әр ауданнан автобустармен ағылғандарды орта жолда тоқтатып, шерушілерді кері қайтарған. Әзірге Астанада болып жатқан оқиғаға қатысты нақты мәлімет жоқ. Видеода шерулеткендердің "Керуен-Сарай" ауданына бет алғандығы байқалады. Елордада күн ұзағына  интернет байланысының өшірілгендігі жайлы оқырмандар жазып жатыр.

Қолда бар деректерге сенсек, Марат Әбиевтің жобасын қолдау үшін петицияға 350 000 адам қол қойған. Алайда қазір Әбиевтің жобасына қатысты сайт жұмыс істеп тұрған жоқ. Өзін полиция ұстап әкетті.

Шамамен бір сағат бұрын жастардың үлкен тобы да осылай құрықталды. Ұсталғандардың бетінде қызыл банданалар, қолдарында дауыс ұлғайтқыш құралдар болған. Көтеріліс себептері - белгісіз. Полицейлер қала көшелерін әлі торуда. Интернет байланыс қалпына келтірілді.

Басты фотоның авторы - Тамара Вааль.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер