Құлыбаевтың компаниясы Алматы әкімдігінен 34 миллиард теңге талап етіп отыр - депутат

1351
Adyrna.kz Telegram
фото: icd.kaznu.kz
фото: icd.kaznu.kz

Кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың компаниясы Алматы әкімдігінен 34 миллиард теңге өндіріп алмақ ниетте екені айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өз сауалында айтты.

Депутаттың айтуынша талап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жерін қайтару ісімен байланысты.

Мәжілісмен өз өтінішін Бас прокуратураға жолдады.

"Соттың шешімі бойынша бизнес орталық салатын жерінен айырылған Тимур Құлыбаевтың фирмасы Алматы әкімдігіне 34 миллиард теңге сомасында шот-фактура жасады. Енді соттан ұтылғаннан кейін компания бизнес орталықтың құрылысына салған өзінің заңсыз инвестицияларын өндіріп алғысы келеді. Бұл әкімдік заңсыз берген барлық жер учаскелері жобаларға байланысты", – деді депутат мәжіліс отырысында.

2017 жылғы 1 тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы әкімдігіне әл-Фараби даңғылы, 71 мекенжайы бойынша жер учаскесінің шекараларын түзету туралы өтінішпен жүгінген. Жалпы ҚазҰУ өз аумағын бір гектарға – 73,2-ден 72,1 гектарға дейін қысқартуды жоспарлаған еді.

 

Пікірлер