Құлыбаевтар мемлекетке тиесілі мұнай терминалын қайтарды

1432
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаев мұнай терминалын мемлекет меншігіне қайтарды. Оның құны - 66 млн доллар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Мемлекет меншігіне қайтарылған терминал Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан. Оның жалпы аумағы 134 гектарды құрайды. Терминал экс-президенттің құдасына 2011 жылы өткен болатын.

«2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді», – делінген Прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, Тимур мен Динара Құлыбаевтар әлемдегі дәулеттілер тізімінде 612-орында тұрғаны анықталған.

Пікірлер