Саяси реформалар – келешек қамы

2025
Adyrna.kz Telegram

Биыл кезектен тыс президент сайлауы өткенін дұрыс деп ойлаймын. Мемлекетіміз саяси реформалар бағытында көптеген жақсы істерді бастап жатыр.

Бүтін бір елді, халықты, ауқымды жүйені басқарып отыру оңай іс емес. Әлем елдерінде қандай жағдай болып жатқанын көріп отырмыз. Геосаяси ахуал ушықты, алдағы жылдары тіптен күрделенуі мүмкін. Осыны ескерсек, президент сайлауын ертерек өткізудің қажеттілігін ұғамыз.

Осы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шет елдерге барып, еліміздің әр саласын дамытудың жолында келіссөздер жасап, еңбектеніп жүр. Бұның бәрі бекер атқарылып жатқан іс емес. Халықаралық жағдайды біледі, тәжірибесі жеткілікті.

Сондықтан бұл шешімді алыстан орағытып, тереңінен ойланып, зерделеп барып қабылдағаны анық. Осындай саяси реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыра берсек, Қазақстанның болашағы жарқын боларына сенім мол. Әрине, халықтың ішінде күмән болары анық.

Өйткені дамудың жолы оңай емес. Қиын жағдай күнде кездеседі. Оны еңсеріп, мемлекеттің келешегі үшін бәрінен сүрінбей өтуіміз – парыз. Бұл тұста мемлекет билігінің атқарып отырған істерін, саяси реформаларын қолдаймын. Келешектің қамын бүгіннен ойлағанымыз абзал.

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ,

жазушы-драматург

Пікірлер