Байден: "Ресей сарбаздарды соғысқа шақырып, БҰҰ Жарғысын өрескел бұзды!"

3374
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Джо Байден Ресей "БҰҰ Жарғысын айтарлықтай бұзды" деп мәлімдеді. Бұл туралы ол БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Байден Ресей Украинаға қарсы ашық соғыс жариялап, Украина аумағының бір бөлігін аннексиялауға тырысып, жалған референдум ұйымдастырды деп айыптады.

"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі егемен мемлекетті әлем картасынан өшірмек болып көрші елге басып кірді. Қазір Ресей соғысқа сарбаздарды көбірек шақырып жатыр, Кремль Украинаның кейбір бөліктерін аннексиялауға әрекет жасап, жалған референдум ұйымдастыруда. Ресей БҰҰ Жарғысының негізгі ережелерін өрескел бұзды. Бұл жерде көрші елдер аумағын күштеп басып алуына нақты тыйым салудан маңызды ештеңе жоқ", - деді АҚШ президенті.

Байден БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен бастап Біріккен Ұлттар Ұйымына терең реформа жүргізуді ұсынды.

"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері, соның ішінде Америка Құрама Штаттары, БҰҰ Жарғысын дәйекті түрде қорғауы керек және Кеңестің беделді және тиімді болып қалуы үшін сирек кездесетін, төтенше жағдайларды қоспағанда, "вето" құқығын қолданудан бас тартуы керек. Сондықтан Америка Құрама Штаттары Кеңестің тұрақты және тұрақты емес өкілдерінің санын көбейтуді қолдайды",- деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер