Қазақстандық спортшы көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты

2622
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық Эльжана Таниева Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол жеке көпсайыста медаль үшін күреседі. Біліктілік қорытындысы бойынша Таниева аралық 14-орынды иеленді.

Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңін 24-ші орында аяқтады. Өкінішке орай, ол финалға шығатын 18 финалисттер қатарынан көріне алмады.

Шешуші ойындар ертең, 17 қыркүйекте өтеді.

Пікірлер