«Бәйтерек» холдингі Сбербанкті сатып алды

2131
Adyrna.kz Telegram
Фото: live24.ru
Фото: live24.ru

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Сбердің Қазақстандағы еншілес банкі («Сбербанк» АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату туралы келісім жасасты. Бұл туралы «Бәйтерек» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бәйтерек» холдингі елдің қаржы жүйесі үшін банктің маңызы жоғары деп есептейді. Сбербанк Қазақстанның заманауи инфрақұрылымы мен технологиялары ел экономикасының нақты секторын қаржыландыруды жалғастыруға және қызметті толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді”, –  делінген хабарламада.

Банк өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемесін орындауды жалғастырады. Бұрынғы клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарт өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ, мәміле аясында банк белсенді операцияларды толық жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуға мүмкіндік алады. Жақын уақытта «Сбербанк Қазақстанға» ребрендинг жүргізілетіні айтылды.

«Бәйтерек» холдингі банктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және банктің бұрынғы, сондай-ақ жаңа клиенттеріне арналған банк қызметтерін дамыту және жетілдіру үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылады”, –  делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалғаны және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өткені айтылды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер