Полиция қызметкерінің мәйіті тұрғын үй ауласынан табылды

1153
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қостанайда полиция қызметкерінің мәйіті үй ауласынан табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыста тұрғын үй ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Оның Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімінде криминалист болып жұмыс істейтіні белгілі болған.

Полиция бөлімшесі қайғылы оқиға орын алған мерзімде ер адамның жыл сайынғы еңбек демалысында болғанын хабарлады.

"Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.

Қазір сотқа дейінгі тергеудің барысы ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.

Пікірлер