“Таяқ жеуден шаршадық”: Түркістан облысының полицейлері көмек сұрайды

3780
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының полициясында жұмыс істейтін жігіттер әділдік іздейді. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек Facebook-парақшасына жазып, бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеоны бөлісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полициясы басшысы жұмыста шолақ шалбар, майкамен жүретін көрінеді. Видеода «мекеме басшысы» деп отырған адам үш қызметкермен келе жатып өтіп бара жатқан полицейді итеріп жібереді.

«Мынау видеоны Қазығұрт ауданы ішкі істер бөлімінде жұмыс істейтін жігіттер жіберді!

“Бізді бастықтың орынбасары Алдабергенов кличкасы “ Киллер” бізді кабинетіне кіргізіп ұрады. Бізден, сосын учаскілік қызметкерлерден қорқытып ақша жинайды.  Біз түгілі генералдар қорқады бұдан “, деп менен көмек сұрап отыр.

Берік Асылов мырза мына жігіттерге СІЗ ғана көмек бере аласыз!

Себебі ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК Өзіндік қауіпсіздік басшысы Арман Саданов жұмыс істеуді қойған. Бұндай проблема шықса өзара жәй іштен жауып қоя салатынын білген соң, мына қызметкерлер түн ортасында маған шығып отыр деп ойлаймын!

Түркістан облысы мен Шымкент полиция қызметкерлерінің ішкі құрамдағы жағдайдың мәз емес екенін, бір емес бірнеше рет Марат Ахметжановқа тікелей айтқым келген. Бірақ ол кісі тыңдағысы келмеді ме , мені қабылдамады! Полиция қызметкерлерінің өздері осылай таяққа жығылып, құқықтары тапталып жатса, олар халықтың құқығын қалай қорғайды?», - деп жазды заңгер.

Бұл жайтқа қатысты Түркістан облысының Полиция департаменті өкілдері жауап берді. Видеоға қатысты шұғыл түрде арнайы комиссия құрылған.

“Қазығұрт АПБ-да тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия құрамында Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы және тағы да басқа тиісті мамандар бар. Тиянақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, заңды шешім қабылданатын болады. Бұл жайт департамент бастығы Мұрат Қабденовтің бақылауында, - деп жауап берді ПД өкілдері.

Пікірлер