Зеленский Трампты Ресейге қарсы санкция енгізбегені үшін сынады

159
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NZ4gzkkg7Ns7fbFntrZz8q3FvPPQjCud9PuXpzMU.jpg

Украина президенті АҚШ президентін Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуден бас тартқаны үшін тағы да сынға алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында айтты.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей Украина энергетикалық инфрақұрылымына ауқымды соққы жасаған кезде АҚШ Линдси Грэм ұсынған заңды іс жүзінде елемеген.

«Ресей энергетикалық инфрақұрылымымызға осындай ауқымды соққы жасаған уақытта, өкінішке қарай, Америкада Линдси Грэмнің заңын толығымен елемеу туралы шешім қабылданды», – деп жазды Украина президенті.

Сондай-ақ ол Ресейдің Украинадағы әрекеттері мен АҚШ-тың санкциялық саясатына қатысты пікір білдірді. Зеленскийдің сөзінше, Ресей қыс мезгілі қарсаңында Украинада жаппай электр жарығын өшіруге, миллиондаған адамды жарық пен жылусыз қалдыруға тырысып жатыр.

«Мұны тоқтату үшін қысым қажет. Американың санкциялық қысымды тоқтатуы, агрессорға қысымды әлсіретуі және Путинге қаржылай төлемдер жасау – мұның бәрі оны соғысты жалғастыруға ғана ынталандырады», – деді Владимир Зеленский.

Украина президенті Ресейдің әскери әрекеттерін тоқтату үшін оған қарсы қысымды күшейту қажет екенін атап өтті.

Пікірлер