Ядролық қауіп. Трамп атом қайықтарын Ресейге қарай жылжыту керегін айтты

1128
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yR7gfz1sfwJadzkCY7cdPu69JCIZj1IP5McrKxWm.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қатысты әскери дайындық туралы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews-қа сілтеп. 

1 тамыз күні Newsmax арнасына берген сұхбатында Ресейге қатысты әскери дайындық туралы мәлімдеме жасады. Ол Ресейдің қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің ядролық қаруға қатысты мәлімдемелерін "аса қауіпті" деп бағалап, жауап ретінде аймаққа екі атомдық сүңгуір қайық жіберуге бұйрық бергенін айтты.

"Ядролық" деген сөзді естігенде менің көзім жайнайды. Бұл – ең үлкен қауіп. Сондықтан абай болу керек. Мен екі сүңгуір қайықты аттандырдым. Медведев айтқан сөздер – тек сөз екенін, шындыққа айналмайтынын тексергім келді", – деді Трамп.

Журналистің нақтылауынша, сүңгуір қайықтар Ресейге жақындап келе жатыр ма деген сұраққа АҚШ президенті:

"Иә, олар Ресейге жақынырақ орналасқан", – деп жауап берді.

Сол күні Трамп өзінің Truth Social парақшасында да осыған қатысты мәлімдеме жасап, Дмитрий Медведевтің "өте арандатушылық" мәлімдемелеріне жауап ретінде бұл шешімді қабылдағанын, бұл – америкалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қадам екенін жазған болатын. 

Пікірлер