Ресей мен Литваның арасындағы дипломатиялық кикілжіңге байланысты даудың басы тағы ушықты. Екі ел арасындағы дипломатиялық процедураға байланысты Ресей Қытайға бірлесе отырып, Литваның жазасын беруді ұсынды. Ресейдің бұл әрекетіне шығыстағы каммунист держава да келісе кетті.
Бүгін қытайлық Global Times газетінде Қытай үкіметінің Ресейді қолдайтын ресми мәліметі жарық көрді. Онда былай деп жазылыпты:
"Қытай мен Ресей өздерінің саяси, экономикалық мүдделерін бірге қорқауға қауқарлы. Сонымен қатар АҚШ-тың айтағына еріп, бізге зиян келтіретін елдерге де соққы жасауға дайын. Біз бұл жайында өзге елдерге де ескертеміз. Қытай АҚШ-тың айтағына еріп, Ресейге зиянын тигізіп отырған елдердің мұндай әрекеттеріне қарап отырмайды. Егер де халықаралық нормалар мен принциптерді бұзатын болса, олардың да жауап беруіне тура келеді",-делінген.
АҚШ пен Шығыстағы екі каммунист державаларының арасында Ауғанстан мәселесі бойынша да үлкен кикілжіңдер жүріп жатыр.
Бүгін ғана АҚШ-тың мемлекеттік департаменті мен Ақ үй әкімшілігі Ауғанстанға бітімгерлік әскерін қайта кіргізетінін мәлімдегені сол еді, Қытай тарапы да өзінің АҚШ-қа қарсы ұстанымын көрсетіп үлгерді.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы