"Ұлы тарихы үшін кек алу". Омбы қазақтарының революцияға дейінгі суреті жарияланды

1763
Adyrna.kz Telegram
Фото: Серік Белгібайдың парақшасынан
Фото: Серік Белгібайдың парақшасынан

Желіде революцияға дейін түсірілген қазақтардың суреті тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сурет саясаттанушы Серік Белгібайдың желідегі парақшасында жарияланған. Суреттің Омбыда түсірілгені анықталды.

"Оң жақтағы орамал таққан әйел – атамның анасы Қадиша. Қасында менің арғы атамның әпкесі, Қадишаның қайын сіңілісі бар. 1920 жылдардың басындағы алғашқы ашаршылық кезінде Қадиша жеті баласымен бірге аштықтан өлді. Арғы атамның әкесі Белгібай Омбыда саудагер болған. Большевиктер келгенде оны өлтірді.

Оның ұлы Неғмат, менің арғы атам, әйелі мен 8 баласымен қашып, Көкшетаудан алыс емес, қазіргі Степняк қаласы деп аталатын жерге қоныстанған.
Арғы атам шахтаның бір жеріне жұмысқа орналасып, аяғын сындырып алыпты. Ол есін жиып, үйге оралғанша, ең кенжесі атамнан басқа бүкіл отбасы қайтыс болды. Мұны атам есте сақтаған. Ол өлгендерді жерлеуге күші де болмағанын айтады. Арғы атам мәйіттерді жай ғана орап, жерге көмген. Кейін жаназасын оқыған. Атам әкемді иығына отырғызып, Омбыға жаяу аттанады. Жолда әкемнің көлде тұзақпен үйрек ұстап алғанын атамның айтқаны да есімде. Аш болғаны сонша, олар аулаған үйректі шикі түрде жеген.  Бұл біз білетін және аз айтатын алғашқы кеңестік ашаршылық еді. Сол кезде қазақтар миллионнан аз болған", - делінген жазбада.

"Сол жылдардағы қазақтарды қырып-жою халықтың ұлы тарихы үшін кек алу әрекеті болды", - деп жазған Василий Садықов есімді желі қолданушысы.

"Ресеймен ортақ шекарасы болған қазақ шежіресінде - орта және кіші жүзден 130 руы жойылып кеткен",  "Осыдан соң КСРО-ны қалай жақсы көресің?", "қазақтарды қырған орыстар болса неге сол тілде сөйлейміз?" деп желі қолданушылары жарыса жазған.

Пікірлер