Көші-қон, қайда барасың? Жауапты шендінің тергеуі расталды

94
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jsIBIWOIjxA3jLxz0B6HV4427Iy59gnE9yH92HWM.jpg

ҰҚК Астананың полиция департаменті көші-қон полициясы басқармасының бұрынғы басшысы Ербол Махметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Informburo.kz-ке сілтеп.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз», – делінген ҰҚК ресми жауабында.

Ведомство тергеуге қатысты өзге ақпаратты жарияламады. Бұған тергеу құпиясы себеп болған.

Еске салайық, 31 тамызда журналист Михаил Козачков Ербол Махметовтің ұсталғаны туралы хабарлаған. Оның мәліметінше, тергеу Астана қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Әлия Макаеваға қатысты іске байланысты болуы мүмкін.

Бұған дейін ҰҚК Әлия Макаеваға қатысты да сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растаған. Кейін Ішкі істер министрлігі тергеуді ҰҚК органдары министрліктің өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп жүргізіп жатқанын хабарлады.

Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Пікірлер