Сексен бес жастан асқан жүргізушілерге шектеу енгізілмейді

61
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iJVmpNe7Xx8Gi1YXqXtrSe57x7qUIQWSoxmju8qs.webp

Италия үкіметі 85 жастан асқан жүргізушілерге автоматты түрде шектеу қою жоспарынан бас тартты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Бұған дейін оларға автомагистральмен жүруге және үйінен 100 шақырымнан астам қашықта көлік жүргізуге тыйым салу ұсынылған.

Енді бұл жастағы жүргізушілерге медициналық тексеру талаптарын күшейту жоспарланып отыр.

Ал Қазақстанда 65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексеруден екі жыл сайын өтуге міндетті. Денсаулық жағдайы көлік басқаруға жарамсыз деп танылса, жүргізушінің құқығы тоқтатылуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, жас ұлғайған сайын көру, есту, реакция жылдамдығы мен зейінге қатысты өзгерістер болуы мүмкін. Дегенмен адамның жасы көлік жүргізуге автоматты түрде тыйым салуға негіз емес.

Пікірлер