Екі ғимарат пен бірнеше көлік өртенді

70
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Sl0yubYBD4CDg1mZMwNNr1Hr7oUgckIkSuo3s32r.webp

Алматының Медеу ауданындағы «Геолог» бағбандық серіктестігінің аумағында ірі өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі ғимараттың, үш жеңіл автокөліктің және құрылыс қалдықтарының жанып жатқанын анықтаған. Қызметкерлер дереу өрт сөндіру станоктарын іске қосып, қызыл жалынды ауыздықтауға кіріскен.

«Өрттің әрі қарай таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Су үздіксіз жеткізіліп, қызметтердің өзара әрекеттестігі ұйымдастырылды», – делінген ресми хабарламада.

ТЖМ күштері өртті оқшаулап үлгерді. Қазіргі уақытта оны толық сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Оқиға кезінде 1949 жылы туған ер адам медициналық көмекке жүгінді. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы көмектен кейін оны №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.

Пікірлер