Ұлттық қор активтері қанша млрд долларға жетті?

159
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pTSPuyiG56CJMpwnRfrafXuKDdkVRdUPEpuhXwUJ.jpg

Қазақстан Ұлттық қорының валюталық активтері 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 65,5 млрд долларды құрады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі хабарлады.

Ұлттық банк басқармасы 2026 жылдың екінші тоқсанында Ұлттық қор активтерін сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есепті бекітті. Есепті кезеңде қор активтерінің инвестициялық кірістілігі 2,92 млрд доллар болды.

Ұлттық банктің мәліметінше, инвестициялық нәтижеге геосаяси шиеленістің бәсеңдеуі, технологиялық сектордың өсуі және әлемдік қор нарықтарының қалпына келуі әсер еткен. Сонымен қатар жаһандық облигациялар нарығында өсім байқалған.

Алайда мұнай мен алтынды қоса алғанда, бірқатар шикізат бағасы төмендеді.

Отырыста ақша және валюта нарығындағы ахуал туралы да баяндалды. Ұлттық банк Қазақстанда валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Жаңа нормалар заңды тұлғалардың қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу тәртібін жетілдіруге бағытталған.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк басқармасы бірқатар қаулыға өзгерістер енгізді. Құжаттар Қазақстанның жаңа Конституциясына, Цифрлық кодекске және басқа да заңнамалық актілерге сәйкестендірілді.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Ұлттық қордың валюталық активтері 2029 жылға қарай 70,6 млрд долларға дейін ұлғаятынын айтқан.

Пікірлер