Ұлттық Банк валюталық операциялар бойынша өзгерістер енгізді

1001
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ұлттық Банк
Фото: Ұлттық Банк

Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық операцияларға қатысты жаңа өзгерістер енгізді. Бұл туралы реттеушінің сайтында жазылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, енді банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімі қысқартылады. Валюталық заңнама талаптарынан жалтармақ болды деген, қаржылай тексерістен өтуі қажет операциялар тізімі көбейді.

Реттеушінің мәліметінше, 2024 жылы Ұлттық қордың валюталық активі 58,8 млрд доллар немесе 30 трлн теңгені құрады. Ал инвестициялық кіріс 4,6 млрд доллар немесе 7,6%-ға тең.

Қор құрылғаннан бері жинақталған кіріс 128%-ды құрайды, ал жылдық мәнде 3,55%-ға тең.

Сондай-ақ банк басқармасының шешімімен осы жылы 28 наурыздан бастап дизайны өзгертілген жаңа 1000 теңгелік банкнота айналымға шығарылатын болды. Одан бөлек «GRIFFIN» («Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан) және «OTYRAR» («Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан) атты жаңа коллекциялық монеталары да жарық көреді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер