Ұлттық банк долларды ұстап тұру үшін 13 күн ішінде 1 млрд доллар шығындады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
Тимур Сүлейменовтен журналистердің “Ұлттық банк қанша ақша жұмсады?” деген сұрағына 13 күн ішінде 1 млрд доллар кеткенін айтты.
“Жеке тұлғалғарға бұл қатты әсер етпеді. Барлық филиалдарын ақпарат жинадық. Артық сұраныс жоқ. Тек заңды тұлғалар. Қазақтан қор биржасындағы заңды тұлғалар осы сұранысты құрап отыр. Біз тұтынушылар ретінде сабырлымыз. Ең көп сұраныс 2 күнде болды”, – деді ол.
28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.