Армения премьер-министрі Таулы Қарабақ туралы айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RSq1S7rlUNd1TtWqZNtAdio1Ox6TrGu5EfflWnaH.webp

Армения премьер-министрі Пашинян Таулы Қарабақ мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Minval-ға сілтеп.

Премьер-министр Таулы Қарабақ аумағының Арменияның бақылауында болмағанын айтты.

«Біз жер жоғалттық дейді. Бірақ ол жерлер қалайша біздікі болды? Түсіндіріп беріңіздерші, олар қалайша біздікі еді?» — деді Пашинян.

Оның айтуынша, аталған аумақтар «бірнеше генералдың бақылауында» болып, жерді жеке мақсаттарына пайдаланған.

«Қаза тапқандардың сыртынан сөйлегім келмейді, бірақ ол жерлер бірнеше генералдың бақылауында болды. Мысалы, олар ол жаққа бидай екті», — деді Армения премьер-министрі.

Сондай-ақ Пашинян Таулы Қарабақ аумағында толыққанды даму болмағанын атап өтті.

Айта кетейік, сайлаушылармен кездесуде Пашинян 1988 жылы басталған Таулы Қарабақты Арменияға қосу қозғалысын «қателік» деп атаған еді.

Пікірлер