Өскеменде көлік әйнегінен аяғын шығарған азамат жазаланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9VTPY2IKVwnjndgAaU8Nd3QPNQJkDiGT5RlClhUz.webp

Өскеменде жол қозғалысы ережесін бұзған азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Адырна".

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жүріп бара жатқан көлік жолаушысы әйнектен аяғын шығарып, өзіне және өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген бейнежазбаны анықтады.

Құқық бұзушылар заң аясында жауапкершілікке тартылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Полиция жол қозғалысы кезінде тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтамау ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салып, мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтінін атап өтті.

Пікірлер