Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбін тереңдету бойынша бірлескен кәсіпорын құруға дайындалып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің «Орта дәлізді дамыту жөніндегі ынтымақтастық бойынша келісімге қол қою туралы» қаулы жобасының сипаттамасында айтылған, деп хабарлайды "Адырна".
Құжат Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 11–12 наурыздағы Әзербайжанға сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмасына сәйкес әзірленген.
Жобаға сәйкес, қаулыны қабылдаудан күтілетін нәтиже келісім күшіне енгеннен кейін байқалады. Бұл бастама Орта дәлізді дамытуға және екі ел арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
