15 мамырда Астана аспанынан жойғыш ұшақтар ұшады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/71J8GQcTx2EdlpA4xn2kKCiKsJjishVpioQjntr8.webp

Фото: архив

Астанада 15 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала үстінен жойғыш ұшақтар демонстрациялық түрде ұшып өтеді.

Іс-шараға дайындыққа байланысты 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады.

Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу іс-шаралары қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады және қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.

Сондай-ақ тұрғындар мен қала қонақтарына жаттығулар кезінде қысқа мерзімді шу деңгейінің артуы мүмкін екені ескертілді. Әскери ведомство өкілдері барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес ұйымдастырылатынын және халыққа ешқандай қауіп төндірмейтінін атап өтті.

Бұдан бөлек, демонстрациялық ұшу барысында қолданылатын түрлі түсті түтіндердің тек көрнекілік мақсатта пайдаланылатыны және қоршаған ортаға зиян келтірмейтіні хабарланды.

 

Пікірлер