Автобуста қызға тиіскен ер адам ұсталды

284
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/T1e460Es07ZEJyszIZbII4eGFdwTnR7xuDo9nQzW.png

Астанада қоғамдық көлікте қызға тиіскен 46 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Оқиға туралы жәбірленуші әлеуметтік желіде жазба жариялаған.

Қыздың айтуынша, автобуста келе жатқанда белгісіз ер адамның өзіне қол тигізгенін сезген. Артына бұрылғанда, оның қолын көріп, әрекетінің кездейсоқ болмағанын түсінген.

«Ол маған тиісті. Мен бірден бұрылып, одан алыстадым да, “Ұят емес пе?” дедім. Бірақ сол сәтте де өзімді кінәлі сезіндім», – деп жазды ол.

Жәбірленуші ер адамның суретін түсіріп, оқиға туралы көпшілікке жариялаған. Сондай-ақ ол полицияға жүгінген жағдайда әділдікке қол жеткізе алатынына күмәнданатынын жеткізген.

Қыздың жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Пікір қалдырған әйелдердің бірқатары қоғамдық көлікте осындай жағдайларға тап болғанын жазған.

Астана қалалық ПД мәліметінше, аталған оқиғаға байланысты 46 жастағы ер адам ұсталған.

Пікірлер