Жердің ғарыштан түсірілген фотолары жарияланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EWYc1IT0EiEhxbrmnZ3wSszv9apMZo3ar6wER8l4.webp

АҚШ-тың аэроғарыш агенттігі NASA Айға бағыт алған «Орион» кемесінің экипажы түсірген Жердің алғашқы фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Агенттік мәліметінше, суреттер кеме Жер орбитасынан шығып, Айға қарай бағыт алған сәтте түсірілген. Кеме командирі Рид Уайзман бұл кадрлар «Орион» қозғалтқыштары арқылы жасалған маневрден кейін алынғанын айтты.

Алғашқы фотода Жер Атлант мұхиты жағынан көрінеді. Ерекшелігі – сурет әдеттегі картаға қарағанда «төңкерілген»: Оңтүстік полюс жоғарыда, ал Солтүстік полюс төменде орналасқан. Кадрдан Сахара шөлі, Пиреней түбегі және Оңтүстік Американың шығыс бөлігі байқалады. Сондай-ақ Жердің бір шетінде жарқыраған нүкте ретінде Шолпан ғаламшары көрінеді.

Тағы бір сурет «Орион» кемесінің иллюминаторы арқылы түсірілсе, келесі фотода Жердің күндізгі және түнгі бөліктері қатар бейнеленген.

Экспедиция маманы Джереми Хансон экипаж мүшелерінің Жер орбитасынан шыққаннан кейін алыстап бара жатқан планетаға ұзақ қарап отырғанын жеткізді.

Пікірлер