АҚШ-та туғандарға азаматтық беру мәселесі жоғарғы сотқа жетті

1351
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/08/aksh.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Жоғарғы сотқа шағым түсіріп,  әкімшілік елде заңсыз мигранттардан немесе уақытша мәртебесі бар шетелдіктерден туған балаларға азаматтық бермеуді көздейтін президент жарлығын конституциялық деп тануды сұрап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аталған құжатқа Трамп қызметіне кіріскен алғашқы күні қол қойған. Алайда федералдық соттар жарлықтың күшіне енуін бұғаттаған еді. Өйткені ол Конституцияның 14-ші түзетуіне қайшы келеді. Бұл түзету АҚШ-та туған барлық адамдарға азаматтық беруді кепілдейді.

Трамп әкімшілігі қолданыстағы түсіндірмені «қате» деп санайды. Бұған дейін 9-шы округтік апелляциялық сот жарлықты конституцияға сай емес деп таныған болатын.

Бұл - Ақ үйдің мәселені Жоғарғы сотқа екінші рет шығарып отырғаны.

Пікірлер