Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lc9Wt1ueSyccXSM1A3yvHDMGEzwxb3im4D4wgUYr.jpg

Сот Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарды ірі көлемде алаяқтық жасау және пара алу бойынша кінәлі деп танып, оған 6 жылға түрме жазасын тағайындады, деп хабарлайды "Адырна".

Бүгінгі сотта соңғы сөзінде Жақсылық Омар ақша бопсалағанын жоққа шығарып, соттан қорғаушылары айтқан жеңілдететін жайттарды ескеруді сұрады.

«Мен ақша бопсалаған жоқпын. Соттан қорғаушыларым айтқан жағдайларды жеңілдететін жайт ретінде қабылдауын сұраймын», - деді ол.

Бұған қоса, бұрынғы әкім соттан өзін түрмеге жібермеуді өтінді.

«Мен мемлекетке масыл болғым келмейді, керісінше, өз үлесімді қосқым келеді. Қарызға батсам да, айыппұлды төлеймін. Түсіністік танытасыздар деп үміттенемін», - деді ол.

Алайда, сотоған 6 жыл бас бостандығынан айыру, Toyota Camry 75 автокөлігін тәркілеу және мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот материалдарына сәйкес, оған Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлімінің 1 және 2-тармақтары (ірі көлемде алаяқтық жасау) және 366-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы (ірі көлемде пара алу) бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген айып тағылған.

 

Пікірлер