Ақмола облысының Ақкөл аудандық соты абайсызда баласының өліміне себеп болған әйелге үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Бұл туралы аудандық сот хабарлады.
Сот мәліметінше, әйел алкогольдік ішімдік ішіп, үйінде баласын емізіп отырып ұйықтап қалған. Кейін баласының тұншығып қайтыс болғаны анықталған.
Сот әйелді 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Оған пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Ұқсас жаңалықтар
