Қазақ музыкасының Аравині

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ay5tmyItpBdX76gctFjLN9pDQq2jefUtxBsOub3z.jpg

Бүгін - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Аравиннің туған күні, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

1941 жылы 2 сәуірде белгілі музыкатанушы, педагог, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, «Парасат» және «Отан» ордендерінің иегері Юрий Аравиннің туған.

Юрий Аравин 1941 жылы Тверь қаласында дүниеге келген. Ол Новосибирск консерваториясының тарихи-теориялық факультетін және Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның аспирантурасын тәмамдаған. 1973–1988 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты мен Құрманғазы атындағы консерваторияда дәріс беріп, көптеген шәкірттер тәрбиеледі.

Юрий Петрович қазақ музыкасын насихаттауда және фольклорлық мұраны зерттеуде ерекше еңбек сіңірген тұлға болды. Ол көптеген фольклорлық экспедицияларды ұйымдастырып, көне музыкалық туындыларды жаңғыртты. Сонымен қатар, қазақ композиторлары мен ақындарына арналған теле- және радиобағдарламаларды жүргізіп, ұлттық өнерді кең аудиторияға паш етті.

Оның еңбектері арасында «Абайға арналған лирикалық поэма», «Халық қаһармандарына арналған үш поэма», «Төлебаев поэмасы «Қазақстан»», «Қазіргі ұйғыр симфонизмінің бастаулары» сияқты зерттеу жұмыстар бар. Юрий Аравин музыкалық тарих және теория пәндері бойынша оқу құралдарын жасауға қатысып, теледидардағы «Дыбыстар музейі», «Қазақ музыкасының кіші антологиясы» сияқты бағдарламалардың авторы болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» және «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, профессор Юрий Аравин 2025 жылдың 20 қазанда өмірден өтті.

Пікірлер