«Қазақ вальсінің королі». Шәмші Қалдаяқовтың туғанына - 95 жыл

5739
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ymeNjPXoGSeh5UpHZJrreNu2F7Di7LTb1JldqY9a.jpg

Бүгін «Қазақ вальсінің королі» атанған, ұлтының ұлы тұлғаларының бірі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толды, деп хабарлайды “Адырна”.

Аса дарынды сазгер Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген.

Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, әнсүйер қауым арасында кең тараған. Халық арасында әсіресе, «Менің Қазақстаным» туындысы айрықша танымал.

2005 жылы оның «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып бекітілді.

Композитордың «Теңізде - толқында»,«Бақыт құшағында»,«Бәрінен де сен сұлу», «Ақмаңдайлым»,«Ақсұңқарым»,«Қайдасың», «Ана туралы жыр», «Қуаныш вальсі», «Ақ ерке - Ақ Жайық», «Арыс жағасында» және т.б бірқатар әндері қазақ сахнасында әлі күнге дейін шырқалып келеді.

Сазгер 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде 300-ге жуық музыкалық туынды жазған.

1992 жылдан бастап елімізде дәстүрлі түрде Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль өткізіліп тұрады. Шымкент қаласындағы облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке - Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі Ш.Қалдаяқов есімімен аталады.

1991 жылы композитор туралы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым менің» атты деректі фильм түсірілді. 2002 жылы «Шәмші-ғұмыр» естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрген. 

Пікірлер