Ғарыштағы гәп. Байқоңырдан ұшқан "Прогресстің" антеннасы ашылмады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/61iYaL1bHCPyUQQIq5iouJpLRjiNgiTTGc5xX3KH.jpg

Байқоңыр ғарыш айлағынан Союз зымыранымен ұшырылған ұшқышсыз ғарыш кемесі «Прогресс М-94» ұшу барысында антенналарының бірі ашылмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ұшу Байқоңыр уақыты бойынша 16:59-да жүзеге асты.

Алайда NASA мәліметінше, кеме ұшырылғаннан кейін KURS автоматты қосылу антенналардың бірі жоспарланғандай ашылмаған. Қалған жүйелер штаттық режимде жұмыс істеуде.

«Прогресс М-94» 24 наурыз сейсенбі күні сағат 9:34-де «Поиск» модулінің «ғарыштық» портында жоспарланған межеге жетеді деп күтілуде.

«Егер антеннаны ашу мүмкін болмаса, космонавт Сергей Кудь-Сверчков TORU жүйесін (қашықтан басқарылатын жүйе) қолданып, кемені қолмен межеге апарады. TORU пульті «Звезда» қызмет модулінде орналасқан және KURS орнына резервтік жүйе ретінде қолданыла алады», – делінген хабарламада.

Ғарыш кемесі станция экипажына арналған шамамен үш тонна азық-түлік, отын және жүктерді жеткізеді.

Пікірлер