«Прогресс МС-35» кемесі бар «Союз» зымыранын ұшыру кейінге қалдырылды

94
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TMdcW5YpjcxQMBpumt3Kg1dpRDyQfmZEGQV22c0b.jpg

Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс МС-35» жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын ұшыру кейінге қалдырылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеп.

Мемлекеттік комиссия зымыранды ұшырудың белгіленген уақыты мен күнін ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Бұған техникалық ақаулар себеп болған. Ақаудың себептерін анықтау үшін зымыран ұшыру құрылғысынан алынып, 31-алаңдағы монтаждау-сынақ корпусына жеткізіледі. Жаңа ұшыру күні ақаулар анықталып, жойылғаннан кейін белгіленеді.

Бұған дейін «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы «Прогресс МС-35» кемесімен бірге 6 қыркүйекте старт кешеніне шығарылып, ұшыру құрылғысына орнатылған болатын.

Зымыранды 9 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 21:15-те ұшыру жоспарланған еді.

«Прогресс МС-35» халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүк жеткізуге тиіс. Ұшыру станцияны қажетті материалдар мен жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылмақ.

Пікірлер