Трамптың Иран басшысын таңдауға ықпал еткісі бар

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысын таңдау процесіне Вашингтонның да ықпал етуі қажет деп санайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ол Axios басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, Иранның марқұм рухани көшбасшысы Аятолла Али Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеинің кандидатурасы АҚШ үшін қолайсыз.

«АҚШ жаңа жоғарғы көшбасшыны тағайындау процесіне ықпал ету мүмкіндігіне ие болуы керек», – деді ол.

Сонымен қатар Трамп Ирандағы жаңа көшбасшының таңдалуы аймақтағы тұрақтылыққа тікелей әсер ететінін атап өтті. Оның пікірінше, Хаменеи жүргізген саясат жалғаса берсе, АҚШ-пен арадағы қақтығыс қайта өршіп, бірнеше жылға созылуы мүмкін.

АҚШ президенті Иранда елге тұрақтылық пен бейбітшілік әкелетін жаңа көшбасшының пайда болғанын қалайтынын жеткізді.

Пікірлер