Ақмолада ер адамның бүтін бір отбасыны өлтіргені жайлы ақпарат тарады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sntJvyKVzTpB82ZiVvRM6kXrlulYtkvNOUcuAgw4.webp

Желіде Ақмола облысындағы Жібек жолы ауылында ер адамның отбасы мүшелерін өлтіргені туралы ақпарат тарады. Ақмола облысының полиция департаменті бұл жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Таратылған хабарламада жергілікті тұрғынның әкесі мен анасын, жиені және ағасын аса қатыгездікпен өлтіргені айтылған. Сондай-ақ олардың денелері бөлшектелгені туралы да мәлімет тараған.

Полицияның айтуынша, Жібек жолы ауылында болған адам өлтіру дерегіне байланысты түрлі жорамалдар мен жалған ақпарат тарап жатыр.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деді ПД.

Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырды.

Пікірлер