Өндірістегі апат. Фермада бір адам қаза тапты

58
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2CM3tB8e8jVXsGOLQUS1LckaJsmWLdGeaZpuABnb.jpg

Ақмола облысы Жақсы ауданына қарасты Подгорное ауылында мал шаруашылығы фермасының аумағында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы sinegor.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 25 желтоқсан күні трактор жүргізушісі кәсіпорынның 56 жастағы қызметкерін қағып кеткен. Ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға туралы хабарлама жұмыс берушіден 26 желтоқсанда түскен.

«Аталған жазатайым оқиғаға байланысты тиісті бұйрық шығарылды. Бұйрық негізінде комиссия құрылып, арнайы тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Пікірлер