Елордада әйел қаза тапты. Күдікті ретінде бұрынғы күйеуі ұсталды

438
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZxtXaDSh74Jl7zezIBKJyt5QyJ2eUDgSUNi6R7MN.jpg

Астанада ер адам бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы елорда полиция департаменті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат 23 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында түскен. Күдікті бұрынғы жұбайына пышақ жарақатын салған. Әйел оқиға орнында көз жұмған.

Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полиция әлеуметтік желілерде тараған күдіктінің құқық қорғау органдарының қызметкері екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Тергеу барысы Астана қаласы полиция департаментінің ерекше бақылауында. Кінәлі адам заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – делінген хабарламада.

Пікірлер