Қазақстан Газа секторын қалпына келтіру үшін қомақты қаржы бөлуге дайын

121
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yMF6TeYQHHLgXacWDZutIT4PKLPaK6lvW1Lh9dFp.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Газа секторындағы ахуалды тұрақтандырып, аймақты қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ол Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

«Алғашқы қадам ретінде біз Бейбітшілік кеңесіне қомақты қаржыны жедел түрде аударуға дайынбыз. Қазақстан сондай-ақ халықаралық тәжірибесі мол компанияларды тарта отырып, қалпына келтіру және құрылыс үдерісіне қатысуға мүдделі. Үкіметіміз елеулі дәрежеде қаржыландыратын бағдарлама аясында инфрақұрылым, тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар және басқа да маңызды азаматтық нысандар салу, сондай-ақ үйінділерді тазарту жұмыстары қамтылуы мүмкін», – деді ол.

Тоқаев Газа өңірінде берік бейбітшілік «нақты іс-қимылдарға» негізделуі тиіс деген АҚШ президенті Дональд Трамптың ұстанымын қолдайтынын атап өтті.

Пікірлер