Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады

134
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/f3DrO4KtykRaiyt2fxTRq750RdXMCkDnZBtQcnC3.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Мемлекет басшысына әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.
 
Әкім Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Пікірлер