Қазақстандық кикбоксинг аңызы өмірден өтті

367
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mKxIbGUzo7tyDOZAfrgxH9gBguf87Nj4ZV4ubRxD.jpg

Жекпе-жек әлеміндегі ең беделді бапкерлердің бірі, қазақстандық кикбоксинг аңызы, КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ Сабыржан Махметов өмірден өтті. Қаралы хабарды журналист Қанат Ескендір жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бір заманның батыр ұлы еді... Бұл кісі де келместің кемесіне мінді деген суық хабар жетті... Бақұл болыңыз, Сабыржан аға…»— деп жазды ол.


Айта кетейік, Сабыржан Махметов «Жекпе-жек» федерациясының президенті қызметін атқарған. Қазақ кикбоксингінің мәртебесін асқақтатқан спортшы 90-шы жылдары беделді рэкетирдің бірі болған. Өз сөзінде ол қылмыс әлемінде билік ету үшін емес, қазақ жерін келімсектерден қорғау үшін әрекеттенгенін айтқан. Сөйте тұра, полиция тарапынан «бопсалаушы» деген айып тағылып, 7 жылға түрмеге тоғытылып, соның 6 жылын абақтыда өткізген.

Пікірлер