Ресейлік стримерлер қазақ қыздарын қорлағаны үшін 15 тәулікке қамалды

114
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/USTyZggcQpCyUem2bWmEgZYENgch2QsTgwPx8jF4.jpg

 

 

Ресейлік танымал стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренатко Алматыда қазақстандық қыздарды қорлағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Sports.ru басылымы жазды, деп хабарлайды "Адырна".

«Олардың ұсталуына стрим барысында қазақстандық қыздардың атына айтылған қорлайтын сөздер себеп болды», — деп жазды басылым.

Қамауға алынғанын басқа стример Равшан да растады.

«Біз де, жігіттер де сөзімізбен немесе әрекетімізбен ешқандай теріс ниет танытқымыз келген жоқ. Жігіттеріміздің айтқан сөздері арқылы ренжіген барлық адамдардан шын жүректен кешірім сұраймыз», — деді Равшан.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, ұсақ бұзақылық фактісі бойынша екі шетел азаматына қатысты әкімшілік іс қозғалған.

Кейін іс сотқа жолданып, сот шешімімен екеуіне де 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалды.

Пікірлер