Трамп Иранмен сауда жасайтын елдерге тарифті көтеру туралы жарлыққа қол қойды

97
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/glRof109C3mFu8fRTEtM1UMnwyXSRzYBgIwlx0Nr.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің импорттық тауарларына қосымша кедендік тарифтерді көтеруге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

Құжатта нақты тариф мөлшері көрсетілмеген. 

Мысалы, «жарлық күшіне енген күннен бастап қосымша адвалорлық тариф — мысалы, 25% — АҚШ-қа импортталатын және Ираннан кез келген жолмен тауар немесе қызмет алған елдерден шығарылатын өнімдерге қолданылуы мүмкін» деп көрсетілген.

Трамп бұл 25%-дық мөлшерді 12 қаңтарда Truth Social сайтында да атап өткен.

Жарлықта АҚШ президенті Иранды «ядролық мүмкіндіктерді арттыруға ұмтылу, терроризмді қолдау, баллистикалық зымырандарды дамыту және аймақтық дестабилизация үшін жауапты» деп таныды. Бұл әрекеттер АҚШ қауіпсіздігіне, одақтастарына және мүдделеріне қауіп төндіреді деп айтылған.

Иран әзірге Вашингтонның жаңа шешіміне қатысты ресми комментарий жасаған жоқ.

Иранның негізгі экспорттық өнімі — шикі мұнай. Reuters агенттігінің 12 қаңтардағы хабарлауынша, аналитикалық Kpler компаниясының деректері бойынша Ираннан экспорттың шамамен 80%-ы Қытайға бағытталған. Алайда Қытайдың кеден статистикасында 2022 жылдан бастап Ираннан тікелей мұнай жеткізілімдері жоқ, себебі шикізат үшінші елдерде қайта өңделіп, Малайзия немесе Индонезиядан шыққандай рәсімделеді.

Пікірлер