"Террористер..." Иран билігі наразылықта 2 мың адамның қаза тапқанын мойындады

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WGOMVtNS2wENswLrX2AhxJUd2zlK1uWZM1AHJa0u.jpg

Иранда өткен наразылықтан шамамен екі мың адам қаза тапқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеп.

Агенттіктің хабарлауынша, қаза тапқандардың ішінде наразылық білдірушілерден бөлек елдің қауіпсіздік қызметкерлері де бар. Бұл туралы елдің ресми өкілі мәлімдеген. 

Агенттік атап өткендей, бұл – ел билігінің жалпыұлттық тәртіпсіздіктер нәтижесінде көп адамның қаза болғанын алғаш рет ресми түрде мойындауы. 

Жаппай наразылықтар 2025 жылғы желтоқсан айының соңында ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты басталған. Әкімшілік органдар жауап ретінде қауіпсіздік шараларын күшейтіп, полицияның көз жасын келтіретін газын және ауа тапаншасын пайдаланған.

Ең ірі наразылықтарТегеран қаласында өткен, ал ең қатаң қақтығыстар елдің батысы мен оңтүстік-батысында – Малекшах, Керманшах және Лордеган қалаларында тіркелген.

АҚШ-та орналасқан HRANA адам құқықтары ұйымының мәліметі бойынша, дүйсенбі күні 10 мың 700-ден астам тұтқындау фактісі тіркелген, бірақ бұл сандар ресми түрде расталған жоқ.

Осыған байланысты Иран оппозициялық Iran International веб-сайты нақты қаза тапқандар саны 12 мыңға жетуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Иранда күштік құрылым өкілдерінен қаза тапқан «шаһидтерді» еске алуға арналған үш күндік ұлттық аза жарияланғаны туралы хабарлаған едік. 

Ал 9 қаңтарға қараған түні өткен наразылықтар кезінде елде 50-ден астам банк пен бірнеше мемлекеттік мекеме өртелген. Сондай-ақ, өрт салдарынан 30-дан аса мешіт жойылғаны туралы ақпарат тараған.

Елде 9 қаңтардан бері интернет толықтай өшірілді, телефон байланысы тоқтатылған. Мемлекеттік ақпарат құралдары ресми тұлғаларға сілтеп наразылық барысында қаза тапқандардың кінәсін "террористерге" аударып отыр. Наразылыққа шыққандарды Иран басшылары "террористер", "бұзақылар" және "экстремистер" деп атап отыр. 

Пікірлер