Иран әуе компанияларын шектеген АҚШ әрекетіне наразылық білдірді

61
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7G89Koq8twdUrizhyEvkSUy6oHq0EvjaYarkiQ3P.webp

Фото: Анадолу

Иран билігі АҚШ-тың ирандық әуе компанияларына енгізген шектеулеріне байланысты Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ICAO) ресми наразылық жолдады. Бұл туралы Иран Азаматтық авиация ұйымының басшысы Абузар Шируди мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Оның айтуынша, Тегеран ICAO-ға жолдаған шағымында елдің заңды құқықтарын қорғауды және АҚШ тарапынан енгізілген шектеулерге қарсылық білдіруді көздеген.

Шируди наразылықтың «заңды құқықтарды қорғау және заңсыз шектеулерге қарсы тұру» мақсатында жіберілгенін атап өтті.

Бұған дейін АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Иранның авиациялық секторына қатысты жаңа шектеулер енгізілетінін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, 23 қыркүйектен бастап ирандық әуе компанияларының ұшуына мүмкіндік берілмейді. Сонымен қатар, оларға әуежайларда жерүсті қызметтері көрсетілмеуі мүмкін.

Иран тарапы бұл шектеулерді заңсыз деп санап, халықаралық авиация саласындағы өз құқықтарын қорғау үшін ICAO-ға жүгінді.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы – азаматтық авиация саласындағы халықаралық стандарттар мен қағидаларды әзірлейтін БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі.

Пікірлер