"Бізде жауап жоқ". Энергетика министрлігі мұнайшылардың ереуіліне жауап бере алмады

729
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі Жаңаөзендегі мұнайшылардың ереуіліне қатысты сауалға жауап бере алмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеп.

Энергетика министрлігі ҚазТаг редакциясының "Кезби" мекеме қызметкерлерінің ереуіліне қатысты сауалына «Бізде жауап жоқ» деп жауап берді.

Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов сауалына жауап алғысы келген журналисті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне "сілтемек" болған. Алайда БАҚ өкілі мұнай саласына жауапты орган ретінде Энергетика министрлігіне жүгінген. Алайда министрліктің баспасөз қызметінен "Бізде жауап жоқ" деген кері байланыс алған.

Айта кетейік, бірер ай бұрын әлеуметтік желіде Жаңаөзендегі «Кезби» ЖШС жұмысшылары компания мен «ҚазМұнайГаз» басшылығынан ескірген және өмірге қауіп төндіретін жабдықтарды ауыстыруды талап етіп наразылыққа шыққаны туралы хабар тараған болатын.

Пікірлер