АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Иранға Ормуз бұғазын қайта ашқаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды "Адырна".
«Иран жаңа ғана өз бұғазының толық ашылғанын және кемелердің еркін өтуіне дайын екенін жариялады. Рақмет!» – деп жазды Ақ үй басшысы.
Бұған дейін жұма күні Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Ливанда атысты тоқтату режимінің күшіне енуінің арқасында Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы бітім кезеңінде еш кедергісіз жүзеге асатынын мәлімдеді.
Осыдан бір күн бұрын Трамп Израиль мен Ливан билігі он күндік атысты тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлаған. Бұл келісім жұмаға қараған түні күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар
