Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне кірісті. Бұл туралы бүгін, 5 қаңтарда компанияның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Жалпы алғанда, оның кәсіби жолы ірі кәсіпорындардың активтері мен операциялық қызметін басқару тәжірибесін, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыруды қамтиды.
Руслан Өскенәлі тиімділіктің жоғары стандарттарына адалдығымен, корпоративтік мәдениет құндылықтарын құрметтеуімен және ұйым ішіндегі кадрлық потенциалды дамытуға ұмтылуымен ерекшеленеді»,-делінген хабарламада.
Бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсанынан осы уақытқа дейін Нұрахмет Нұриев атқарған еді.
Айта кетейік, Руслан Өскенәлі 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Woodbury University жоғары оқу орнында MBA дәрежесін алған.
Әр жылдары «Қазақмыс» корпорациясы, Alstom және General Electric сынды ірі халықаралық және ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2024 жылдың наурыз айынан бастап Qarmet компаниясында жабдықтау жөніндегі директор қызметін атқарып, сатып алу функциясын стратегиялық дамытумен және жабдықтау процесін оңтайландырумен айналысқан. Сондай-ақ Басқарма мүшесі ретінде компанияның жалпы басқарушылық мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысқан.
Еске салайық, өткен жылдың 30 желтоқсанда «Қазақмыс» корпорациясының Qazaq Stroy компаниясының құрамына өткені белгілі болды.
Ешкім ренжімес үшін жазушылар одағының төрағасы бола салайын ба?) Балалар әдебиетіне кызмет етуші қаламгерлер ешқандай емтихансыз қабылданады.