Колумбия Венесуэладағы жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізуге шақырды

368
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lPv7JAU4QEt6MPYrdERIrpJTKD50ns3uQ7GFU7oH.webp

Колумбия президенті Густаво Петро Венесуэлада орын алып жатқан жағдайға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Америка мемлекеттері ұйымының шұғыл отырысын өткізуге шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеп.

Президент Петро әлеуметтік желідегі жазбасында:

«Қазіргі уақытта Каракасқа бомба жаудырылып жатыр. Бұл бүкіл әлем үшін қауіп. АМҰ мен БҰҰ дереу отырыс шақыруы тиіс», – деп атап өтті.

Ол сондай-ақ Колумбияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде халықаралық құқық тұрғысынан Венесуэлаға қарсы агрессияны бағалау міндеті барын айтты.

Халықаралық БАҚ дерегінше, Венесуэла қарулы күштері президент резиденциясы Мирафлорес маңына бронетехника шығарып, қауіпсіздікті күшейткен. Сол аймақта кемінде жеті жарылыс тіркелген, ал қорғаныс министрінің үйі, порт және азаматтық әуежайға соққы жасалған.

Пікірлер